×

Шет мемлекет басшылары шахтадағы апатқа байланысты Тоқаевқа көңіл айтты

Қайтыс болғандар саны 36 адамға жетті, 10 кенші іздестіріліп жатыр 

 Халық үні 29.10.2023 | 11:35
фото: tengrinews.kz

Қазақстан президентінің атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлады Ақорда.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары телефон арқылы да көңіл айтып жатыр. Олар қаза тапқан кеншілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Соның ішінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров телефон арқылы көңіл айтты және жеделхаттарын да жолдады.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына өздерінің көңіл айту жеделхаттарын Ресей президенті Владимир Путин, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов,  ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Сұлтан Раев және басқалар жолдады.

Айта кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Шахтаға келе салысымен менің жетекшілігіммен жедел штаб құрылды. Оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника, марқұмдар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетіп жатқан 3 психолог жұмыс істеп жатыр. (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23 жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама