×

Ақтөбеде студент аңғал тұрғынның атына несие рәсімдеген

Күдікті ақшаны өз қажетіне жұмсаған

 Дәурен Ерболат 26.10.2023 | 17:56
Фото: Halyq Uni

Ақтөбеде студент өзге адамның атына несие рәсімдеген, деп хабарлады Polisia.kz.

Биыл қыркүйекте қаладағы университтердің бірінде оқитын 4-курс студенті 48 жастағы әйелді алдап, оның атына 1 млн 700 мың теңгеге несие рәсімдеген.

Күдікті әйелден ұялы телефонына келетін кодты айтуды сұраған.

Банкке ірі көлемде қарыз екенін жәбірленуші тек қазанда біліп, полицияға арызданған.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Студент кінәсін мойындап, ақшаны жеке қажетіне жұмсап жібергенін айтқан.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама