×

Қазақстан – Ресей шекарасынан өту жеңілдейді

Жоба көлік кептелісін тудырмауды да көздейді

 Дәурен Ерболат 23.10.2023 | 17:45
Фото: egemen.kz

Биыл 1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) электронды кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Бүгінде электронды кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен шекарасында іске асырылған. Ол оң нәтиже көрсеткен.

Электронды кезек жүйесін Қаржы министрлігі «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ CarGoRuqsat онлайн брондау сервисінің мамандары әзірлеген.

Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа базасында іске асырылды және тегін жұмыс істейді.

CarGoRuqsat электронды кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажет құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып саналады. Бұл шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк көліктерінің кептелісін тудырмайды әрі ММК-ға тәуекелдерді басқару жүйесін автомат режимде бақылауға мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба шеңберінде «Бидайық» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлаған тасымалдаушылар 2023 жылғы 1 қарашадан бастап CarGoRuqsat қосымшасы арқылы электрондық кезектен орынды брондауы қажет.

Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтемесіне өту керек. CarGoRuqsat қосымшасына тіркелу және кіру, «Бидайық» өткізу пунктін таңдау, шекараны кесіп өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен көлік туралы деректерді толтыру шарт. Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақытында келу қажет, – деп жазылған хабарламада.

Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін МКК электронды кезекті алдын ала брондауға кеңес береді.

Қосымша сұрақтар туындаса, төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

  • 1414;
  • 8-800-080-7777.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама