×

Астанада такси жүргізушісі жолаушы әйелді алдап, 2 млн теңгесін алып кеткен

Полицейлер 48 жастағы күдіктіні тез арада анықтап, ұстады

 Еркеғали Болатұлы 20.10.2023 | 13:07
фото: Halyq Uni

Астана полицейлері «ипотека алуға көмектесемін» деп жолаушыдан 2 миллион теңге алған такси жүргізушісін ұстады.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Есіл ауданының тұрғыны хабарласқан. Әйел таксиге тапсырыс беріп, сапар барысында жүргізушімен әңгіме-дүкен құрғанын, сөз барысында ипотека ала алмай жүргенін, такси жүргізушісінің өзіне көмектеспек болғанын айтқан.

Жүргізуші банкте таныстары бар екенін айтып, несие алуға көмектесуге уәде берген. Ол үшін «таныстарына» 2 миллион теңгеден астам ақша аудару керектігіне сендірген. Оған қажетті соманы берген әйел алаяққа алданып қалғағын кейін бір-ақ түсінген.

Полицейлер күдіктіні тез арада анықтап, ұстады. 48 жастағы такси жүргізушісі жолаушыны алдап, ақшасын алып қойғанын мойындады. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

Қазір полиция ұсталған ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама