×

Павлодарда көпқабатты үйге егеуқұйрық қаптап кеткен

Құтырма, оба, лептоспироз және геморрагиялық қызбаны тасымалдайды

 Еркеғали Болатұлы 19.10.2023 | 09:15
фото: stop-klopu.com

Павлодар тұрғындары егеуқұйрықтың көбейіп кеткеніне наразы. Көп қабатты үйдегі кеміргіштер, тіпті, адамдарға шабуыл жасайтын көрінеді. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Үй тұрғындары басқарушы ұйымға жүгінген. Олардың пікірінше, тұрғындардың бірі үйде егеуқұйрық ұстап, оны үйірімен кіреберіске шығарған.

Ақпарат келіп түскеннен кейін улауды бастап, шаралар қабылдадық. Әрине, олар бірден өлмейді, бірақ уды жей бастаған және көптеген егеуқұйрықтың өлексесі табылып жатыр, – деді қызмет көрсету ұйымының директоры Алексей Косинов.

Ал Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті егеуқұйрықтармен күресті қызмет көрсететін ұйымдар жасауға тиіс дейді.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 107-бабына сәйкес, барлық жеке және заңды тұлғалар өз есебінен жүйелі негізде дезинсекциялық іс-шаралар жүргізуі керек, – деп мәлімдеді департамент басшысының орынбасары Гүлнара Ақылбекова.

Мамандар қызмет көрсететін ұйымды қоқысты уақтылы шығаруға және дезинфекция жүргізуге шақырады. Өйткені кеміргіштер құтырма, оба, лептоспироз және геморрагиялық қызбаны тасымалдайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама