×

Мұнай болмаса да, экономикасын көтеріп отырған аймақтар бар – жаңаөзендік кәсіпкер

Эрик Жұмабаев – бірінші топтағы мүгедектігі бар азамат

 Халық үні 16.10.2023 | 14:33
Фото: Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы

Жаңаөзен қаласының мүмкіндігі шектеулі тұрғынына ауыл шаруашылығын дамыту үшін грант берілді.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Эрик Жұмабаев – бірінші топтағы мүгедектігі бар азамат. Ол соған қарамастан жеке ауыл шаруашылығы ісін жүргізеді. Жақында ол ауыл шаруашылығын дамыту үшін 400 АЕК мөлшерінде 1,3 млн теңгені құрайтын грант алды. Алдағы уақытта сүт, құрт және ірімшік сияқты табиғи сүт өнімдерін өндіру үшін өз кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары аясында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған. Олардың ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар азамат Эрик Жұмабаевта бар.

Сонымен қатар кәсіпкер «Өзенмұнайгаз» компаниясымен тамақ қалдықтарын алуға келісімшарт жасаған. Тағам қалдықтарын алған соң сұрыптаудан өткізіп, өзінің фермасындағы арнайы, құрылғы арқылы кептіреді. Бұл өңделген қалдықтар құрғақ мал азығы ретінде пайдаланылады. Оның айтуынша, бұл тәсіл экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді, өйткені ол тамақ қалдықтарын тиімді жоюға және үй жануарларын сапалы жеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Болашақта ол бұл істі кеңейтіп, құрғақ мал азығын сатуды жоспарлап отыр.

Әкімнің қабылдауында Эрик Жұмабаев өзінің жоспарларын бөлісті және оған 2 бас асыл тұқымды мал сатып алуға жәрдемдесетін мемлекеттік қолдау тетіктерін сұрады.

Табыс табу үшін, мұнай өнеркәсібінің жұмысшысы болу міндет емес. Мұнайға қарамастан экономикасын өркендетіп отырған аймақтар бар. Қол қусырып отырып, мен үшін басқалары жұмыс істейді деу қате. Үлкен жетістікке адам адал жұмыс істеп, жүз пайыз еңбектенген кезде ғана қол жеткізеді. Ең бастысы – өз ісіңе деген сүйіспеншілік. Қазір екі сиырым бар және мен жергілікті тұрғындарға сүт, қаймақ және ірімшік сияқты табиғи өнімдерді ұсынамын. Менің мақсатым – ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту, - деді Эрик Жұмабаев.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кәсіпкерге қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты.

Кез-келген мемлекет үшін халықтың бизнесті дамытуына қолдау жасау – басым бағыттардың бірі. Соның нәтижесінде әрбір азамат өзінің әлеуетін дамытып, жаңа жұмыс орындары ашып, экономиканың дамуына үлес қосады.

Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың әртүрлі бағыты бар. Соның бірі – өз бизнесін ашқан және ашқысы келетін мүгедектігі бар азаматтарды қолдау. Мысалы, бұл санаттағы азаматтар гранттар, жеңілдетілген несиелер, салықтық жеңілдіктер ала алады.

Мемлекеттік қолдау бойынша нақты нәтижеге қол жеткізген мыңдаған мысалдар бар. Соның бірі ретінде Салтанат Әбдікәрімованы айтуға болады. Ол мүгедектігі бар адамдарға арналған киім өндіріретін және сататын кәсібі үшін грант алған. Қаражатты қажетті жабдықтарға, өндіріске шикізатқа және бизнес бойынша кеңес алуға жұмсаған.

Мемлекеттік қолдаудың және қолына тиген гранттың арқасында Saltanat Abdykarymova Clothing сұранысқа ие кәсіби тұлғаға айналды.

Мемлекеттік қолдауды сәтті іске асырудың тағы бір мысалы ретінде Arman Kurmanbaev Toys жобасын айтуға болады. Ол мүгедектігі бар балаларға арналған ойыншық өндіреді және сатады. Компания өндіріс үшін мемлекеттен жеңілдетілген несие алған. Нәтижесінде өндірісті жолға қойып, өнім түрін көбейтті.

Еліміздегі алпауыт компаниялар да бизнесті қолдауға үлес қоса алады, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың өз кәсібін дамытуына қолдау жасаса құба-құп.

Мысалы, жоғарыда атап өткеніміздей «Өзенмұнайгаз» компаниясы Эрик Жұмабаевтың бизнесті дамытуына қолдау жасап келісімшартқа қол қойды.

Мемлекет пен алпауыт компаниялардың бизнесті қолдаудағы әріптестігі халыққа да нарыққа да пайдалы. Ең бастысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі артып, экономикамыз одан сайын еселенеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама