×

Түркістан облысында балық аулаудан сайыс өтті

Жеңімпаздар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, қаржылай сыйлықтарымен марапатталды

 Динара Амантай 16.10.2023 | 11:03
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының «Балық мектеп» ЖШС, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстың тауарлы балық өсірушілерінің ұйымдастыруымен балық аулаудан сайыс өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі

Бұл шараның мақсаты – еліміздің балық шаруашылығын дамыту, осы бағытта жаңадан кәсіп бастаймын дегендерді ынталандыру, облыстағы әуесқойлық және спорттық мақсаттағы балық аулауды дамыту және Түлкібас ауданында орналасқан Састөбе көлін балықтандыру.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, балық аулау спортында өзара мықты қатысушыларды анықтау мақсатында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент демалыс аймағындағы сайысқа облыс орталығынан, Жетісай, Сарыағаш, Түлкібас аудандарынан келген әуесқой балықшылар қатысқан.

Жарыс соңында қазылар алқасы жүлделі орындарды қармаққа іліккен балықтың салмағы мен өлшеміне қарай белгіледі. Сайыстың қорытындысы бойынша, қарсыластарына қарағанда қысқа уақыттың ішінде 3,5 келі балық аулап үлгерген Бекзат Қыпшақбаев жеңімпаз атанып, 1-орынға ие болды. Ал Бекжан Ерменов 1 келі балық аулап 2-орынға ілікті. Нұрдос Қарынбаев 800 грамм балық аулап, 3-орынды қанағат тұтты.

Сайыс соңында жеңімпаздар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама