×

БҚО-ның екі тұрғыны 80 келі шаянды заңсыз аулаған

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 13.10.2023 | 16:44
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының полицейлері 80 келі шаянды заңсыз аулаған БҚО тұрғындарын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ақкемер ауылынан 5 шақырым жерде полиция қызметкерлері облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қиыл өзенінің арнасында Батыс Қазақстан облысының балық ресурстарын заңсыз аулаған екі тұрғынын ұстаған.

Ұсталғандардан жалпы салмағы 80 келіден асатын 5 қап шаян тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстар барысында сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктерді, жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салу талаптарын бұзудың 17 фактісінің, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз пайдаланудың 2 фактісінің, заңсыз аң аулаудың 2 фактісінің және ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 1 фактісінің жолын кесті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама