×

Павлодарда көлік апатынан 2 адам көз жұмды

Дәрігерлер оқиға орнына 6 минутта жеткен

 Дәурен Ерболат 13.10.2023 | 16:03
Фото: Halyq Uni

Павлодарда көлік апаты болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 12 қазанда сағат 17:00-де Павлодар – Астана жолының 12-шақырымында болған. Атамекен кентінен 2 шақырым жерде Honda Еlysion жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне  аударылған. 

Көлік апаты салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші мен оның екі баласы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, – деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, көлік айып тұрағына қойылды.  

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, көлік апаты туралы ақпарат сағат 16:50-де түскен. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 6 минутта жеткен. 

Өкінішке қарай, жедел жәрдем көлігі келгенге дейін 2 адам (1960 және 1990 жылы туған ер адамдар) көз жұмды. Павлодар қалалық №1 ауруханасына 33 жастағы ер адам, 6 айлық сәби мен 6 жасар ұл облыстық балалар ауруханасына жатқызылған, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама