×

Барлық пойыз интернетке қосылады – министрлік

 Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр

 Дәурен Ерболат 12.10.2023 | 17:17
Фото: orda.kz

Елімізде барлық пойызға жаңа қызмет түрі енгізіледі, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Енді вагондарға Wi-Fi қосылады. Нәтижесінде жолаушылар интернет жоқ жерде электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін пайдаланып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көріп, музыка тыңдай алады. Бұл қызмет түрі жолаушылар үшін тегін, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстандықтар вагонда интернетке қосылуы үшін не істеуі керек?

  • 1. Жолаушы өз құрылғысында Wi-Fi-ға қосылуға тиіс;
  • 2. Тізімнен KTZ желісін таңдауы керек;
  • 3. Браузерді ашып, http://vputi.kz сайтына өтуі қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама