×

Сәбина Алтынбекованың қымбат курсына жазылғандар полицияға шағымданып жатыр

«Ақшасы мен берген білімі мүлде сай емес» деп шулап, қаражатты қайтаруын талап етті

 Еркеғали Болатұлы 11.10.2023 | 15:33
фото: esquire.kz

Танымал волейболшы Сәбина Алтынбекованың басы дауға қалды. Спортшының курсын сатып алып, бірақ көңілі толмағандар ақшасын талап етіп жатыр. Тіпті бір адам полицияға арыз түсірген, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Танымал спортшы биыл мамырда қыздарға арналған қауымдастық құратынын жариялаған. Маусымда тәлімгер курсын ашып, сатылымға шығарды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның бағасы 290 мың теңге болған. Шамасы жетпегендер, тіпті, несиеге сатып алған. Негізі мұндай курстың мақсаты – жетістікке жеткен тұлғалар тәлімгерлерге өз тәжірибесін бөліседі.

Алайда бір айға жетпей, Алтынбекованың курсына кейбір қыздардың көңілі толмай шықты. «Ақшасы мен берген білімі мүлде сай емес» деп шулап, ақырында қаражатты қайтаруын талап етіп отыр. Бірақ БАҚ-та спортшының менеджері «тиісті қызмет көрсеттік, курс ақысы қайтарылмайды» деп мәлімдеген.

Р. есімді азаматтың арызы Түрксіб ауданының полиция басқармасына 6 қазанда түскен. ҚР ҚІЖК 179-бабының талаптарын негізге алып, тараптар арасында шарттық қатынас болуын ескере отырып, Р. есімді азаматқа азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды, - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама