×

Зейнетке шыққанда еңбек кітапшасы керек пе?

Заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 10.10.2023 | 16:50
Фото: baq.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек кітапшасы қандай жағдайда керек болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, зейнетке шыққанда еңбек кітапшасының электронды нұсқасы болса, оның қағаз нұсқасы керек емес.

Егер жұмыста кадр бөлімі еңбек кітапшасын цифрландырса, бұл ақпарат электронды еңбек биржасында болса, онда оны ұсынудың керегі жоқ, - деді Светлана Жақыпова Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр еңбек кітапшасының электронды нұсқасын жасау кадр бөлімінің міндеті емес екенін, шешімді әр адам жеке қабылдайтынын атап өтті. Осыған байланысты министр талапты күшейту жағын қарастырып жатқандарын жеткізді.

Әрине, біз қазақстандықтардың құқығын қорғау үшін осы норманы күшейткіміз келеді. Өйткені бізде көптеген адам электронды еңбек шартын жасамайды. Сондықтан Еңбек кодексінде электронды еңбек шарты міндетті және онда барлық дерек шындыққа сәйкес келуі керек деген норма пайда болса, онда біз конвертпен жалақы берілмейтін жағдайға келеміз. Бүгінде ондай жағдай бар, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама