×

Жамбыл облысында аудан әкімдігі кеңсе ғимаратын 2 есе қымбатқа сатып алмақ болған

Антикордың араласуымен 5,9 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді

 Динара Амантай 07.10.2023 | 11:10
Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында аудан әкімдігі кеңсе ғимаратын 2 есе қымбатқа сатып алмақ болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірыңғай сатып алу терезесі арқылы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу жоспарларына мониторинг жүргізді. Антикордың енгізген ұсыныстары негізінде мемлекеттік органдардың сатып алу жоспарлары қайта қаралып, нәтижесінде 5,9 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

Мысалы, Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі құны 275 млн теңге болатын 1 кеңсе ғимаратын сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Департаменттің ұсынымынан кейін сатып алу бағасы қайта қаралып, 120 млн теңгеге дейін төмендетіліп, нәтижесінде 155 млн теңге үнемделді, – деді Антикордың Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров.

Бірыңғай сатып алу терезесі арқылы мемлекеттік органдардың жоспарларына мониторинг алдағы уақытта да тұрақты түрде өз жалғасын тауып, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау фактілерін алдын алу бойынша жұмыс жалғасатын боладі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама