×

Ақтөбелік полицейлер бір сәтте 3 айыппұл арқалаған 73 жастағы қарияны қуалады (ВИДЕО)

Ол тәртіп сақшыларының талабына бағынбаған

 Дәурен Ерболат 04.10.2023 | 18:05
Фото: nur.kz//Петр Карандашов

Ақтөбе облысында 73 жастағы ер адам полициядан қашып құтылмақ болды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде патрульдік полицейлер көлік апатын жасаған «Ваз-21114» жүргізушісінің артынан автомобильмен қууға мәжбүр болған.

Оның заң бұзғаны анықталып, хаттама толтыруға шақырылған. Алайда 73 жастағы ақтөбелік полицияға келгенімен жанжал шығарып, кетіп қалған. Салдарынан оған алдыңғы екі хаттамамен қоса, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 613-бабы 1-бөлігі бойынша («Ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабын орындамау») тағы бір хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама