×

Қай өңірдің тұрғындары сотқа жиі арызданады

Олар мәселесін заң аясында шешкісі келеді

 Дәурен Ерболат 04.10.2023 | 16:25
Фото: nur.kz//Петр Карандашов

2023 жылғы 6 айда соттарға қазақтандықтардан 289,5 мың өтініш түскен, деп хабарлады Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.

Комитет мәліметінше, биыл 6 айда бірінші сатыдағы соттардың қарауына 289 500 өтініш түскен. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 19,1% артық.

199 692 өтініш бойынша іс қозғалды. Бұл – былтырмен салыстырғанда, 33,9% көп. Қанағаттандырылған талап арыздардың саны – 117 985, бас тартылған арыздар – 15 006, - деп жазылған хабарламада.

Ең көп өтініш Алматы (69 254), Астана (22 545), Шымкент (14 318) қалаларының және Қарағанды (20 532), Алматы (16 994), Түркістан (13 785) облыстарының соттарына түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама