×

Колледждегі онлайн оқу: Мәжіліс депутаттары заң жобасын қарауға кірісті

Құжатта жетімдердің құқығын қорғауды көздейтін мәселе қарастырылған

 Дәурен Ерболат 04.10.2023 | 10:24
көрнекі фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауға алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутат Асхат Аймағамбетов құжатты қарауға дайын екенін жеткізді.

«Заң жобасын Оқу-ағарту министрлігі дайындады. Жоба негізінен 3 мәселені қамтиды. Біріншіден, колледждер үшін онлайн оқу мүмкіндігін беру. Екіншіден, қосымша білім беру ұйымдарын хабарлама беру рәсімі арқылы ашу. Үшіншіден, жетімдерді қолдау үшін кәсіби отбасы институтын енгізу. Жалпы біздің комитет тиісті қорытынды әзірлеуге дайын», - деді әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама