×

Павлодарлық әдіскерлер өзге ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді үйрететін болды

Шығармашылық топ жұмысты бастады

 Дәурен Ерболат 03.10.2023 | 17:10
Фото: mk-kz.kz

Павлодарда балғындарға арналған «Тілашар» бағдарламасы құрастырылып жатыр, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Бағдарлама 3-6 жастағы өзге ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді үйретуді көздейді. Олар өзара байланысты 3 блоктан тұрады: балабақшада балалармен, ата-аналармен жұмыс, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Биыл 1 қыркүйектен бастап қаладағы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің шығармашылық тобы «Тілашар» қосымша білім беру бағдарламасын құрастыруды бастады. Құрал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған және олардың зияткерлік дамуы мен коммуникативті және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды көздейді, – деп жазылған хабарламада.

Шығармашылық топ құрамында балабақша әдіскерлері А. Нығманова (№21 балабақша), Е.  Гладышева (№24 балабақша), Т. Слабкова (№111 балабақша), Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қ. Нұрғалиева бар.

«Тіл туралы» заңды іске асыру шеңберіндегі бағдарламаны құрудың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардағы күн режимінде мемлекеттік тілді меңгеру бойынша өзге ұлт балаларының коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама