×

Максим Галкиннің концертін өткізбеудің артында саяси астар жоқ – СІМ

Ресми өкіл Ресей елшілігінен «хат» келгенін жоққа шығарды

 Дәурен Ерболат 02.10.2023 | 17:45
photo © Sputnik / Виталий Белоусов

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров белгілі пародист Максим Галкиннің Қазақстанда өтеді деп жоспарланған концертінің не үшін тоқтатылғанына жауап берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Меніңше, Максим Галкиннің концертінің өтпеуінде саяси астар жоқ, - деді СІМ ресми өкілі.

Журналистер әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйеніп, «Кейбір әртістердің (Ресей билігіне қарсы – авт.) Қазақстанда концерт өткізуіне Ресей тарапы кедергі келтіріп отыр ма?» деген сұрақ қойды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі «Ресей елшілігінен Сыртқы істер министрлігіне кейбір артистерді Қазақстан аумағына концерттерге жібермеу туралы хат келген» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Мұндай хаттың жолданғанын бірінші рет естіп тұрмын. Егер сол хат жолданған күннің өзінде концерттерді өткізу-өткізбеу мәселесі еліміздің мәдениет саласындағы органдардың құзіретінде. Халық кімді тыңдап, кімді тыңдағысы келмейтінін өзі шешеді. Өнер мен мәдениет саясаттан тыс болуға тиіс, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама