×

Бүгінде 59 полицей докторантурада оқып жатыр – ІІМ

Жалпы 8 диссертация қорғалған

 Дәурен Ерболат 02.10.2023 | 12:12
Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда 59 полиция қызметкері докторантурада оқып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір ІІМ жоғары оқу орындарында ғылыми-дәрежесі бар қызметкерлердің санын арттыру, ІІО кадр құрамының басқарушылық дағдыларын дамыту үшін ІІМ-ге қарасты университеттер базасында докторантура мен магистратура ашқан.

Басқарушылық және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау 3 академия базасында (Қарағанды, Алматы, Қостанай) іске асырылады. Бүгінде мұнда жалпы 86 магистрант, 59 докторант оқып жатыр. Биыл PhD ғылыми дәрежесін алу үшін 8 диссертация (оның үшеуі Ресейде) қорғалған. Сондай-ақ осы жылы шетелде 4 диссертация қорғалады деп жоспарланып отыр, - деді ресми өкіл ІІМ-де өткен брифингте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама