×

Павлодар облысында анасын балағаттаған 53 жастағы ер адам қамауға алынды

Оған ішімдік ішуге тыйым салынды

 Дәурен Ерболат 02.10.2023 | 11:05
Фото: vmo24.ru

Павлодар облысында анасымен жанжалдасқан мас тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Шарбақты ауданында 53 жастағы тұрғын мас күйінде үйде отырып, анасымен жанжалдасқан. Ол шешесін балағаттап, мазасын алған. Анасы ұлының ерсі қылығына шыдай алмай, полицияға хабарласуға мәжбүр болған.

Учаскелік полиция инспекторы құқықбұзушының үстінен Әкімшілік құқықбұшушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сот отбасының шырқын бұзған ер адамды 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Сондай-ақ оған 3 ай ішімдік ішуге тыйым салынып, профилактикалық әңгімелесу жүргізу үшін учаскелік полиция пунктіне келу міндеттелді, - деп жазылған хабарламада.

Бұл талаптар құқықбұзушылықты болдырмау үшін белгіленді.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысында отбасының берекесін қашырған 569 адамға ерекше тәртіп белгіленді. Оның ішінде 530 адамға ішімдік ішуге тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама