×

ШҚО прокурорлары инвестордың құқығын қорғады

Компанияның кедергісіз жұмыс істеуіне жағдай жасалды

 Дәурен Ерболат 02.10.2023 | 09:55
Фото: arnapress.kz

Шығыс Қазақстан облысында прокурорлар инвестордың құқығын қорғады, деп хабарлады өңір прокуратурасы.

Президенттің тапсырмасы бойынша прокуратура маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізеді. Инвесторлар құқығының бұзылуына жол бермеу және жолын кесу, инвестициялық жобаларды ілгерілетуге көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының алаңында фронт-кеңсе жұмыс істейді.

Мұнда прокурорлардың негізгі міндеті инвестор іске асырып жатқан жоба шеңберінде ғана емес, өзінің ағымдағы қызметі барысында кездесетін проблемаларды тиімді шешу болып саналады.

Мысалы, «Востокмашзавод» АҚ инвесторының хабарламасын қарау кезінде атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуына және компанияның борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болмауына қарамастан, компанияның шоттары мен мүлкіне тыйым салудың алынбағаны анықталды. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 36-бабы 3-тармағы, 47-бабы 2-тармағына қайшы, мәжбүрлеп орындау шаралары жойылған жоқ және инвесторды борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару жүргізілмеген. Сот орындаушыларының әрекетсіздігі, тыйым салуы оның қызметін дамытуға және инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі келтірді.

Сот орындаушыларына проблемалық мәселені шешу және атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін техникалық қолдау бойынша АҚ-ның өз бетінше берген өтініштері оң нәтиже бермеді.

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана ШҚО әділет департаменті «Востокмашзавод» АҚ шоттары мен мүлкіне шектеулерді алып тастау жөнінде шаралар қабылдады.

Бүгінде прокуратура органдарының басымдық беретін саласының бірі – инвесторларды қолдау. Осыған байланысты әр инвестор назарда болады.

Инвесторлардың хабарламасына жедел ден қою үшін облыс прокуратурасында тәулік бойы мобильді топ жұмыс істейді. Мәселе туындаса, +7 705 418 05 21 нөміріне хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама