×

Депутат отбасының берекесін қашыратындардың тізімін жасауды ұсынды

ІІМ ұсынысты қарастыруға дайын

 Дәурен Ерболат 26.09.2023 | 18:35
Фото: Halyq Uni

Елімізде отбасының берекесін қашыратындардың реестрін жасау керек. Мұндай бастаманы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек көтерді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда көптеген реестр бар.

«Мысалы, несиесін өтей алмаған адам арнайы базаға кіреді. Осылайша, ол кредит алу құқығынан айырылады. Жер кодексінде де солай. Жер учаскесін 5 жыл ішінде пайдаланбағандар реестрге кіреді. Оның да салдары болады.

Сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүргендер де реестрге енеді. Бас прокуратурада педофильдердің тізімі бар. Осы тұста неге отбасының берекесін қашыратындардың реестрін жасамасқа деген ой келеді. Бұл – күшті механизм, - деді Бақытжан Базарбек Мәжілістің комитетінде.

Депутат бұл шара өз әсерін береді деген пікірде.

Бұл реестр қалай жұмыс істейді? Отбасылық зорлық-зомбылыққа тек әкенің анаға және балаларына жасаған зорлығын ғана емес, оған азаматтық некедегі деректерді де жатқызуға болады. Мысалы, ажырасқан әйел жас жігітпен танысып, көңіл қосады. Содан кейін бұл жігіт әйелге және оның баласына қысым көрсетеді. Егер осындай реестр жасайтын болсақ, бұл жігіттерге әсер етеді, - деді деді ол.

Өйткені, отбасының шырқын бұзатындар тізімнен шығу үшін барын салады.

«Оны абьюзер ретінде реестрге 10 жылға кіргізсек, ол бұл реестрден шыға алмайды. Қайткенде де ол үйленуге тырысады, ал адамдар реестрге қарайтын болады. Осылайша, отбасылық абьюзердің психотипіне қысым келтіретін механизмдерді іздеу керек», - деді Бақытжан Базарбек.

Оның пікірінше, аталған ресстр адамның психологиясына қатты әсер етеді.

Олар бұл тізімді айналып өтуге, одан шығуға тырысады. Тұрмысқа шықпаған көптеген қыз бар. Олар осы реестрге қарап, қорытынды жасайды. Бұл – үлкен сигнал. Себебі, (оның сөйлесіп жүрген адамы – автор) абьюзер ретінде тізімде тұр, - деді депутат.

Бақытжан Базарбектің ұсынысына Ішкі істер министрі Игорь Лепеха жеке пікірін білдірді.

Егер заң жобасы қабылданса, оның аясында (аталған ұсынысты – автор) қарастыруға болады. Мәселеге жәбірленушінің позициясынан қарау керек. Бұл заң жобасы болса, біз қарастыруға дайынбыз. Бастысы ешкімге зиян тигізбеу керек, - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама