×

Астанада мектеп оқушысы баспалдақтан құлап, жарақат алды

Баланың жағдайы орташа ауыр

 Динара Амантай 25.09.2023 | 11:40
Фото: видеодан скриншот

Астана қаласы №14 мектебінің оқушысы баспалдақтан құлап, жарақат алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 18 қыркүйекте «103» пультіне №14 орта мектептен Мәскеу көшесі, 23 мекенжайы бойынша жедел жәрдем шақырылған. Балаға алғашқы медициналық көмектің толық көлемі көрсетіліп, №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.

Баланы бөлімшеге түскен кезінде барлық мамандар қарады. Қазір бейінді нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Жағдайы орташа ауыр, жақсарып келеді. Емдеу ми жарақатының хаттамасы бойынша жүргізіл жатыр, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оған қазір хирургиялық емдеу қажет емес екендігі белігілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама