×

Қарқаралыда саңырауқұлақ теруге кеткен 72 жастағы зейнеткер өлі табылды

Ол 4 күн бұрын жоғалып кеткен болатын

 Еркеғали Болатұлы 24.09.2023 | 16:40
фото: letsgophotos.ru

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында орманға саңырауқұлақ теруге кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады «Вечерняя Караганда» газеті.

72 жастағы зейнеткер 20 қыркүйекте орманға кеткен. Осы уақытқа дейін одан ешбір хабар болмаған.

Полиция мен арнайы құтқарушылар, ауыл тұрғындары мен туыстары зейнеткерді таба алмаған еді. Тек жоғалғанына 4 күн өткен соң ғана кейуананың өлі денесі 8 шақырым жерден табылып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама