Жамбыл облысында кезекті қару-жарақ қоймасы табылды
Бұған дейін бұл өңірде бірнеше қойма анықталған еді
Полицейлер 10 қару, 2 граната, 600-ден астам патрон тапты, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
«Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақтың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығы аумағынан он қару, екі граната, патрондар, каскалар, сауыт-саймандар, рацияны анықтап, тәркіледі», – дейді ІІМ.
Табылған қару-жарақ арасында Калашников автоматы, Макаровтың екі тапаншасы, Компакт маркалы тапанша, тегіс ұңғылы карабин, екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық, ИЖ-56 екі ұңғылы құрама мылтығы, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтықтар, екі жарық-шу гранатасы, әртүрлі калибрлі 648 патрон болды. Қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облысында қару-жарақ қоймасы анықталды. Жамбыл облысында жерге көмілген 8 «автомат» қаруы табылды. Таразда тағы бір қару-жарақ қоймасы анықталды. Жамбыл облысында тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды. Елімізде 100-ден астам қару-жарақ қоймасы анықталды.