×

Таразда тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды

Қару қараусыз қалған ғимаратта жасырылған

 Халық үні 02.02.2022 | 14:15

Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қала аумағындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасырылған атыс қаруларды тапты.

Арнайы жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысында Калашников маркалы бір автомат, Streamer маркалы бір травматикалық тапанша, бір оқжатар мен бір жарық-шулы граната тәркіленді. Анықталған қару-жараққа қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді Тараз қалалық полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков.

Тәртіп сақшылары қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Бұған дейін Жамбыл облысында қару-жарақ қоймасы табылған болатын. Кейін өңірде сегіз автомат анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы материалдық көмек алды

Комиссия үйлер мен аула аумақтарын тексеруді жалғастырып жатыр
01.04.2023 | 09:14

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45