×

Жамбыл облысында тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды

Полицейлер Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудың орнын анықтау жұмыстарын үзген жоқ

 Халық үні 06.04.2022 | 09:00

Жамбылдық сақшылар 8 қару, граната, 400-ге жуық патрон тапты.

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орнын анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

28 наурыз-1 сәуір аралығында Жамбыл облысы аумағында 8 қару, гранаталар, түтінді жарғыштар, 397 түрлі калибрлі патрондар табылып, тәркіленді. Олардың ішінде автомат, 6 тапанша, бір тегіс ұңғылы шолақ мылтық бар, – дейді полиция.

Мысалы, 29 наурызда Жамбыл облысының тәртіп сақшылары үйінде сақталған атыс қаруын өз еркімен берген Тараз қаласының 40 жастағы тұрғынын анықтады. Қару-жарақ ішінде 4 макаров тапаншасы, MТ-ның 9 оқ жатары, 7,62 калибрлі 120 патрон, 12 калибрлі 11 патрон болды. Ер адам келу міндеттемесімен жіберілді. Барлық қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

«Жамбыл облысының тәртіп сақшылары қару, оқ-дәрілер, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оны өз еркімен тапсырған адамның, егер оның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47