×

Алматы тұрғындары дәлізде шу шығарған жезөкшелердің үстінен шағымданды (ВИДЕО)

Олар үнемі полицияға хабарласқанмен, полицейлер ештеңе істемейді екен

 Еркеғали Болатұлы 20.09.2023 | 14:30
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматыдағы «Атлант-2» тұрғын үй кешенінің тұрғындары тарапынан шағым пайда болды. Айтуларынша, олар тұратын көпқабатты үйде жезөкшелер күнде шу шығаратын көрінеді.

Күн сайын түнде жеңгетай пәтерді жалға береді. Үнемі жанжал шығарады. Бұл бізге қауіп төндіреді. Сіздерден шара қолдануларыңызды сұраймыз. Үй тұрғындары үнемі полицияға хабарласады, бірақ полицейлер ештеңе істемейді. Бұрынғы басқарушы компания Alpha Management Services ЖШС да шара қолданбады, – дейді тұрғындар.

Желіде тараған кадрда кезекті оқиға көрсетілген. Жанжал кезінде ер адам пәтерден қашып шығып, соңынан екі әйел мен бір еркек қуған.

Алматы қалалық полиция департаменті пәтер иесімен сөйлесіп, оны жазалағандарын мәлімдеді.

Полицейлер пәтер иесін анықтады. Ол 1987 жылы туған азамат болып шықты. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 450-бабы («Жезөкшелік пен жеңгетайлыққа үй-жай беру») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПБ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама