×

ШҚО-да әпкесін балталап өлтірген тұрғын сотталды

Шешім 10 алқаби мен 1 судьяның дауыс беру нәтижесінде қабылданды.

 Динара Амантай 19.09.2023 | 10:08
Фото: Sputnik / Владимир Федоренко

Шығыс Қазақстан облысында әпкесін балталап өлтірген тұрғын сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен («Адам өлтiру, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату») айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралған.

Сотта анықталғандай, биыл 22 мамырда кешкі уақытта сотталушы өзінің үйінде болғанда, әпкесіне деген бас араздығы бола тұрып, қолдан жасалған қысқа сапты балтамен қасақана түрде әпкесінің ішінен соққы жасап, салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Шешім 10 алқаби мен 1 судьяның дауыс беру нәтижесінде қабылданды. 15 қыркүйекте құпия дауыс беру нәтижесі бойынша, алқабилердің бірауызды кесімімен ер адам ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама