×

Астанадан еліне қайтпақ болған реселік қалай Көкшетаудан бір-ақ шыққанын білмейді

Жеке құжаттары мен заттары да жоқ болып шыққан

 Еркеғали Болатұлы 17.09.2023 | 13:20
фото: дереккөз

Қазақстанға келген Молдова азаматы Виталий Николаев пойызда кездейсоқ жолаушылармен белгісіз ішімдік ішіп, барлық заты мен құжаттарын, тіпті есін жоғалтқан.

Көкшетаудан түскен азаматтың есінде ештеңе қалмаған. Тіпті ол жақындарына хабарласа алмаған. Бұл туралы Instagram-дағы sinegor.kz парақшасында хабарланды.

Шетел азаматы тамыз айында Астанаға Мәскеуден ұшып келген. Кейін ол пойызбен Петропавлға барып, сол жерден еліне оралуды жоспарлаған. Алайда жолда кездейсоқ жолаушылармен бірге алкогольдік ішімдік ішіп, Көкшетау вокзалынан бір-ақ шыққан.

13 тамызда таңертең Николаевты көшеде Көкшетау қалалық ПБ қабылдау бөлімінің қызметкерлері тоқтатқан. Полицейлердің айтуынша, ол тек шорти мен жейдеде болған. Ал өзі қатты абдырап қалған. Әңгімелесу барысында ер адамның Көкшетауға қалай жеткені есіне түспеген. Жеке құжаттары мен заттары да жоқ болып шыққан.

Кейін қабылдау бөлмесінің қызметкерлері шетелдіктің әйелі мен қызы бар екенін және олардың Мәскеуде тұратынын анықтады. Виталий туыстарымен байланысу үшін олардың телефон нөмірлерін есіне түсіре алмады. Оның отбасымен байланысуына полицейлер көмектескен. Сонда анықталғандай, оған әйелі мен қызы Мәскеуде іздеу жариялап, тіпті тірі емес деп те ойлаған екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама