×

Жер қатынастары бөлімінің бас маманы пара алғаны үшін сотталды

Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібінде қаралды

 Динара Амантай 16.09.2023 | 17:34
Фото: Halyq Uni

Кеше Павлодар қаласының № 2 соты қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі..

Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 9 тамызда сотталушы Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, № 85 үйдің мекенжайында орналасқан «85» азық-түлік дүкеніне қарама-қарсы автотұрақта, С.-дан оның анасына әкімшілік іс бойынша айыппұлдың орнына ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындау үшін, сондай-ақ осыған ұқсас әрекеттер қайталанған жағдайда әкімшілік істер бойынша ықпал ету шараларын жеңілдету және одан әрі қорғау үшін 50 мың теңге пара алған.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібінде қаралды.

Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, кінәсін толық мойындауын, шын жүректен өкінуін, жағымды мінезделуін ескере отырып, сотталушыға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 1 млн теңге айыппұл тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама