×

Оралдық тұрғынға жылдамдықты асырғаны үшін 1,5 млн теңге айыппұл салынды

Оның бес күн ішінде жылдамдықты 33 рет асырғаны белгілі болды

 Динара Амантай 15.09.2023 | 17:15
Фото: polisia.kz

Оралдық полицейлер тұрғынға жылдамдықты асырғаны үшін бес күн ішінде 1 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Suncar Smart Qorgau жүйесінің көмегімен облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы кезінде жылдамдықты бірнеше рет асырған «Ваз 2112» автокөлігі анықталған. Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөлікті сағат шамамен 10:10 кезінде Орал қаласы Есенжанова көшесінің бойында тоқтатады. Жауап алу кезінде жүргізушінің Орал қаласының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оның бес күн ішінде жылдамдықты 33 рет асырғаны белгілі болды.

Жалпы айыппұл сомасы – 1 миллион 500 мың теңге болады. Жүргізуші айыппұлдың оңайлатылған тәртіпте 50%-ын өтей алады, яғни ол – 500 мың 250 теңге.

Қазір автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама