×

«Шешім заңды күшіне енген жоқ»: Астана әкімдігі екі заңсыз құрылыстың неге жалғасып жатқанын түсіндірді

Сот шешімі бойынша басталған құрылыс сүрілуі керек еді

 Ербол Тұрымбет 11.09.2023 | 09:14
Фото: Halyq Uni

Қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы заңсыз құрылыстың неге жалғасып жатқанын түсіндірді. Аумағы 0,3271 гектар алатын бірінші жер телімінің ресми мекенжайы: Қабанбай батыр, 32/1. Қарапайым тілмен айтсақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дәл алдында тұр. Екіншісі Қазыбек би мен Е-10 көшелерінің қиылысында. 

Айта кетейік, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 14 маусымда «Nagoya» ЖШС және «Meravi» ЖШС-лардың сол жер телімдерін жалдау шарттарын жарамсыз деп таныған еді.

Ал заңға сәйкес шешім шығарылғаннан кейін бір ай ішінде апелляциялық шағым беруге құқылы.

Бүгінде «Astana» ӘКК» АҚ апелляциялық шағым берді, іс Астана қаласының сотында. Осыған байланысты жоғарыда аталған шешім заңды күшіне енген жоқ, - делінген ресми жауапта.

Ал құрылыс-монтаждау жұмыстарының заңдылығына келсек, Ұлттық экономика министрінің «Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдері» бұйрығы бойынша құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру кезеңдері белгіленген. Соған байланысты «Nagoya» ЖШС және «Meravi» ЖШС жоғарыда көрсетілген заңнама нормасындағы барлық рәсімді орындағанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама