×

Астананың қақ ортасындағы даулы жер телімдерінде құрылыс салынбайтын болды

Сот қала басқармасы мен ASTANA ӘКК келісімдерін заңсыз деп таныды

 Ербол Тұрымбет 14.07.2023 | 10:17
Фото: Halyq Uni

Астананың қақ ортасындағы дау болған екі жер теліміне қатысты соттың шешімі шықты. Бұл туралы ақпанда Adildik joly республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде жазған болатын. 

Аумағы 0,3271 гектар алатын бірінші жер телімінің ресми мекенжайы: Қабанбай батыр, 32/1. Қарапайым тілмен айтсақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дәл алдында тұр. Екіншісі Қазыбек би мен Е-10 көшелерінің қиылысында. 

Құжаттарға қарағанда, алдымен қала әкімдігі бұл жер телімдерін ASTANA ӘКК-на уақытша қолдануға берген. Сөйтіп, корпорация ол жерлерге паркинг пен тұрғын үй кешенін салдыра бастайды. 

Ал кейінгі тексеру қорытындысы бойынша, ол жерлер қала әкімінің қаулысымен инвестициялық жоба жүргізу үшін берілген болып шыққан. Алайда заң бойынша жер телімдері аукцион, конкурссыз берілмеу керек. Оның үстіне, паркинг пен тұрғын үй кешені инвестициялық жобаға жатпайды. 

Ақырында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мен ASTANA ӘКК арасындағы осы екі жер теліміне қатысты келісімшарттардың күшін жою туралы шешім шығарды. 

Демек, онда салынып бастаған құрылыс нысандары да қиратылуы керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама