×

Алматыда жаңбыр мен дауыл ағаштарды құлатты

Кешеден бері қалада ауа райы бұзылып, түрлі апат тіркелді

 Қымбат Елтайқызы 12.05.2022 | 14:51
фото: ашық дереккөзден

Алматыда 20-ға жуық ағаш құлады, дейді қала әкімдігі.

«Ауа райының қолайсыз жағдайларынан, атап айтқанда жел екпіні әрі қатты жаңбыр салдарынан топырақ шайылды. Бұл нашар және сау ағаштардың тамыр жүйесінің әлсіреуіне әкелді. Алматының құтқару қызметіне ағаш діңдері мен ірі бұтақтардың құлауы туралы 19 хабарлама түсті. Оқиғалар салдарынан бір автокөлік және бір үй зардап шекті», – дейді әкімдік.

Ведомство мәліметінше, ауа райы қолайсыздығы салдарын аудан әкімдіктерінің мердігерлік ұйымдары әрі қаланың құтқару қызметі жояды. Бұл жұмысқа 12 жұмысшы мен 6 техника жұмылдырылды.

Бұған дейін Алматы толассыз жауын салдарынан сел астында қалғанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама