×

Алматы толассыз жауынның салдарынан сел астында қалды

Бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басты

 Динара Амантай 11.05.2022 | 16:55
Коллаж: Halyq uni

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан қала көшелері мен тұрғын үйлердің ауласына су толды. Жауынның салдарын жоюға төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды.

Бүгін сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» желісі мен «109» құтқару қызметіне Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы, 234, Айтиев көшесі, № 8 және № 6 үй аулалары мен жертөлелерінің су басуы туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайларға су соратын техника мен адамдар жіберілді, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Алматының барлық сегіз ауданында су басудың алдын алу үшін инертті материалдар дайындалды. Қазселденқорғау мекемесі бақылауды күшейтті. Суды кедергісіз ағызу және сорып алуды қамтамасыз ету үшін 609 адам, 252 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. Құм салынған 2050 қап дайындалды.

«Қазгидромет» РМК-ның болжауынша, Алматыда алдағы үш күнде қатты жауын-шашын күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама