×

Астанада ер адам көпқабатты үйден секіргісі келген (ВИДЕО)

Полицейлер мас адамды ажалдан аман алып қалды

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2023 | 17:42
Фото: gov.kz

Астанада полиция капитаны Асылхан Молдағалиев пен аға лейтенант Қуат Сембеков көпқабатты үйден секіргісі келген ер адамды құтқарып қалды. Полицейлердің айтуынша, олар ер адамның балкон терезесінде қолымен асылып тұрғанын байқаған.

Тәртіп сақшылары жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге ер адамды қолынан ұстап, балконның терезесінен үйге кіргізген. Оны үйге кіргізгенде мас болып шықты.

Біз экипаж мүшесі ретінде балконда асылып, жерге секіргісі келген ер адамға бірден жеттік.  Санаулы секундтарда жоғарыға көтеріліп, оның қолынан ұстап, пәтерге кіргіздік, – деді Асылхан Молдағалиев.

Ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Полицейлер 28 жастағы жігіттің мұндай жағдайға баруына не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама