×

Ақтөбеде әкесінің айлығын құмар ойынға салған жігіт көз жұмды

Ол букмекерлік кеңседе 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған

 Динара Амантай 08.09.2023 | 16:03
Фото: Halyq Uni

Ақтөбелік тұрғын әкесінің айлығын құмар ойында ұттырып, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жергілікті ПБ-ға өз үйінде көз жұмған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Облыстың 23 жастағы тұрғынының букмекерлік кеңседе 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған. Ол бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып, ұтылып қалғаннан кейін барған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Таразда директордың кассирді дәретханаға қамап, өз мекемесін тонағанын хабарлаған болатынбыз. Ол да құмар ойындар салдарынан қарызға батқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама