×

Жұмыс сұраған жаңаөзендік жастар әкімдік алдына ереуілге шықты

Олар жұмысқа тұруды талап етіп, видеоүндеу түсірген

 Ая Өміртай 08.09.2023 | 10:27
Фото: видеоскрин

Жиналғандар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа, Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақовқа және жергілікті депутаттарға өтініш білдіріп, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуді сұрайды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жастар тұрақты жұмысы жоқтығын алға тартып, бұл жөнінде тиісті мекеме өкілдеріне қайта-қайта жүгінгенін айтады. Жаңаөзендегі қалалық әкімдіктің қасында жұмысқа орналасқанша тұруға дайын екендіктерін де жеткізді.

Біз Жаңаөзен қаласының бір топ жұмысшы азаматтары Жаңаөзен қаласы әкімінен тұрақты жұмыс сұрап, өтініш жасаған болатынбыз. Уақытша табысымыз айдан айға жетпейтін жұмыстарды жасап келген едік. Біз жұмысшы жастар қала әкімінен және облыс әкімінен тұрақты жұмыс талап етеміз және талап орындалғанша әкімшілік қасында бейбіт ереуілді жалғастыра беретінімізді ескертеміз, - дейді олар. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама