×

ШҚО-да «Ленинді қайтарыңдар!» деген жазуы бар қоршау бұзылды (ВИДЕО)

Бұған дейін Владимир Ильич Лениннің құрметіне тұрғызылған ескерткіштің құлаған видеосы тараған еді

 Еркеғали Болатұлы 05.09.2023 | 15:20
фото: noks.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы бұзылған Ленин ескерткішінің жанындағы «Ленинді қайтарыңдар!» (верните Ленина) сөзі жазылған қоршауды белгісіз ер адам құлатып кетті.

«Ленинді қайтарыңдар!» деген жазу жергілікті коммуналдық қызметкерлер мен қоршау иелеріне ұнамаған көрінеді. Олар қоршауға жақындап, сөздерді өшірмек болады. Бірақ еш нәтиже шықпаған соң оны бұзып тастайды.

Алтай аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Владимир Ильич Лениннің құрметіне тұрғызылған ескерткіштің құлаған видеосы тараған еді және Алтай қаласында сол ескерткіштің құлауына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама