×

Ақтөбеде футбол жанкүйері алаяққа құрбан болды

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 05.09.2023 | 12:25
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының тұрғыны алаяққа алданып, футболға жалған билет сатып алған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 қыркүйекте қалалық ПБ-ға 26 жастағы ақтөбелік арызданған. Ол интернет арқылы футбол ойынына билет сатып алмақ болып, Instagram парақшасы арқылы сатушымен электронды билетті сатып алу үшін келісіп, ақшасын электронды түрде аударып жіберген. Алайда сатып алған билеті жарамсыз болып шыққанын білгеннен кейін, ол алаяқтардың қармағына түскенін түсініп, полицияға жүгінген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама