×

СҚО-да «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектеп салынады

Облыста үш мектеп апатты жағдайда тұр

 Айгерім Таубай 30.11.2023 | 16:15
Фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында үш мектеп апатты жағдайда тұр. Былтырдан бері 3,2 млрд теңгеге апатты мектептердің орнына 2 жаңа мектеп салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстың білім басқармасы Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Сондай-ақ облыстағы мектептерде 3 673 балаға орын жетпейді. Оның басым бөлігі Петропавл қаласында – 3 268 орын.

Әкімдіктің хабарлауынша, 2023-2025 жылдарға арналған «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында Петропавл қаласында 2 700 оқушыға арналған 4 мектептің құрылысы жоспарланған.

СҚО-дағы мектептерде 330 маманның орны бос тұр. Ауылдарда орналасқан мектептерде 205 маманға сұраныс бар.

Облыс бойынша бос вакансиялар:

  • математика  – 95;
  • мектепке дейінгі тәрбиешілер – 47;
  • орыс тілі мен әдебиет – 44;
  • педагог-психолог – 38;
  • ағылшын тілі – 37;
  • бастауыш сынып мұғалімі – 34;
  • әлеуметтік педагог – 29;
  • физика – 28;
  • информатика – 20;
  • дефектолог – 16;
  • қазақ тілі мен әдебиет – 16;
  • алғашқы әскері және технологиялық дайындық – 15;
  • тарих – 15;
  • химия – 13.

Білім басқармасы биыл облыстағы университетті педагогикалық мамандық бойынша – 808, М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжді 239 түлек бітіргенін хабарлады. Солардың есебінен бос вакансияны жабуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Алматы қаласындағы мектептерде 619 маманның орны бос тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама