×

Математика және бастауыш сынып мұғалімі: Алматы мектептерінде 619 орын бос тұр

Қалада үш ауысымда білім беретін мектептер жоқ

 Айгерім Таубай 28.08.2023 | 16:38
Фото: Halyq Uni

Алматы мектептерінде 27 500 балаға орын жетпейді. Бұл туралы қаланың білім басқармасы Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша оқу орындары тапшылығы – 27 500 орын. Биыл 5 570 орынға лайықталған 11 нысанды іске қосу жоспарланған, оның ішінде 1 қыркүйекке дейін 1 500 орынға лайықталған бір мектептің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ 3 150 балаға арналған 6 жекеменшік мектеп ашу жоспарланған, - делінген басқарма ұсынған ақпаратта.

Қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 37 100 орынға арналған 22 мектеп салынады деп жоспарланған.

«Алматыда үш ауысымды мектеп жоқ. 2022 жылы бір апатты мектеп (№59) болды. Биыл мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды», - делінген ақпаратта.

Қалада бірқатар пән бойынша маман тапшылығы бар. Олар:

  • Математика – 103;
  • Бастауыш сынып – 93;
  • Орыс тілі – 62;
  • Информатика – 52;
  • Физика – 50;
  • Қазақстан тарихы – 47;
  • Шет тілі – 42;
  • Қазақ тілі – 37;
  • Химия – 33;
  • Музыка – 32;
  • География – 31;
  • Биология – 23;
  • Дене шынықтыру – 14.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама