×

«Арман қалаға сапар»: елордаға келген балалар актер Асылхан Төлеповпен кездесті

Жоба аясында Ақтөбе облысынан 30 бала елордаға келді

 Халық үні 29.08.2023 | 22:35
фото: Halyq Uni

«Арман қалаға сапар» жобасы аясында Астанаға келген 30 бала Астанадағы актер Асылхан Төлеповпен кездесті.

29 тамызда өткен кездесуде Асылхан Төлепов өзі үлгі тұтатын әлемдік және қазақстандық актерлер жайында айтты.

Актер болашақта Дулыға Ақмолда, Берік Айтжанов, Рүстем Жаныаманов секілді өнер иелерімен кинода және театрда бірлесіп рөл сомдағысы келетінін жасырмады.

Ал әлемдік жұлдыздардың ішінен Леонардо ДиКаприо, Киану Ривз секілді актерлерді үлгі тұтатынын айтты. Балалардың бірқатар сауылына жауап берді.

Кино мен спортты қатар алып жүруіне ағасы Артур Төлепов (актер) және Джеки Чан   үлкен рөл атқарғанын жеткізді. Балаларды кітап оқуға, армандауға және сол арман жолында мойымай еңбектенуге шақырды.

Айта кетейік, «Altyn Qyran Foundation» қоры 11 жылдан бері ауыл балаларына арналған «Арман қалаға сапар» жобасын іске асырып келеді. Осы жоба аясында 2023 жылы елордаға Ақтөбе облысының ауылдарынан 30 бала келді. Олардың ішінде Сарыбұлақ, Ақраб, Қаракемер, Жарық және т.б ауыл мектептерінің оқушылары бар. 

Оқушыларға жазғы демалыс ұйымдастыруға бағытталған жоба аясында балалар 3 күн бойы Астананың ең көрікті жерлерін аралайды. «Арман қалаға сапар» жобасы асында он жыл ішінде ауылдың 300-ден астам баласы елордаға келу және аралау мүмкіндігіне ие болды. Олардың арасында республикалық және облыстық олимпиада жеңімпаздары, көпбалалы және толық емес отбасыдан шыққан балалар бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама