×

Шатқалды «шимайлаған» мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті

Бұл Ыбықты сайдағы алғашқы жағдай емес

 Еркеғали Болатұлы 29.08.2023 | 15:05
фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысындағы Ыбықты сай шатқалына қызының есімін қашап жазған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен кетті.

Бұл ақпаратты Ақтөбе қаласы мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Юнисова растады. Ол Манас Көшербаевтың жұмыстан кету өтінішін өз еркімен жазғанын айтты.

Бұған дейін шатқалға жазу жазған шенеунік сол әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұраған болатын.

Еске сала кетсек, бұл Ыбықты сайдағы алғашқы жағдай емес. Биыл мамырда да осы шатқалда демалушылар кәуап пісіру үшін от жаққан. Оларды «Ақтау добряков клубының» еріктілері видеоға түсіріп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама