×

«Аса қатты сөкпеңіздерші!»: ақтөбелік шенеунік көпшіліктен кешірім сұрады (ВИДЕО)

Айтуынша, каньонның жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы, сай толы жазу, әдепсіз сөздерге толы

 Еркеғали Болатұлы 28.08.2023 | 15:52
скриншот: видео

Осы аптада Маңғыстау облысындағы Ыбықты-Сай каньонына «Ақнәзік» деп қызының атын қашап жазған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев көпшіліктен кешірім сұрады.

Аңдаусызда жаза бастым, ағайын! Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ, аса қатты сөкпеңіздерші! - деп бір кемсеңдеп алды ақтөбелік шенеунік.

Оның айтуынша, каньонның жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы, сай толы жазу, әдепсіз сөздер екен. Сол себепті қабырғаны «сондай дөрекі сөзді әдемі сөзге айналдырмақ ниетте» қашаған көрінеді.

Тарихи жәдігерге қылдай қиянат қылу ойымда болған жоқ. Маңғыстау жұртының, отандастарымның алдында барынша басымды иіп, кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер, ағайын! - деп өкініш білдірді Манас Көшербаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама