×

Ұлттық спорт қауымдастығы журналистер арасында байқау жариялады

Байқау 7 номинация бойынша өтеді

 Халық үні 29.08.2023 | 13:35
Фото: Halyq Uni

Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы журналистер арасында «АLAMAN» халықаралық медиа байқауын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Байқау 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 1 наурыз аралығында 6 ай бойы өткізіледі. Оған отандық журналистер, авторлар және шетелдік БАҚ өкілдері де қатыса алады.

Байқау 7 номинация бойынша өтеді:

  • 1. Үздік бағдарлама (телевизия, радио)
  • 2. Үздік аналитикалық материал (дәстүрлі баспасөз: газет, журнал)
  • 3. Үздік танымдық материал (интернет, БАҚ)
  • 4. Үздік сұхбат (YouTube арна)
  • 5. Үздік фотосурет (БАҚ, әлеуметтік желі)
  • 6. Шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материал (қазақтың ұлттық спорты туралы)
  • 7. Әлеуметтік желідегі үздік материал (блогинг, мобилография)

Әр номинация бойынша үш үздік авторға ақшалай сыйлық беріледі:

  • 1 орынға – 1 000 000 теңге;
  • 2 орынға – 700 000 теңге;
  • 3 орынға – 500 000 теңге.

Байқаудың жеңімпаздары 2024 жылдың наурызында марапатталады.

Байқаудың мақсаты – ұлттық спорт түрлерінің насихатын күшейту, осы саладағы журналистер, БАҚ өкілдері және авторларды кәсіби тұрғыдан бағалап, ең үздіктерін анықтау.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама