×

БҚО-да танысын пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды

 Динара Амантай 29.08.2023 | 11:31
Фото: видеодан скриншот

Батыс Қазақстан облысында полицейлер танысына пышақ сілтеген күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 26 тамызда сағат 22:30 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері алкогольдік ішімдік ішкен адамдарды байқаған. Олар сақшыларға қандай да бір жағдайдан күдік туғызған.

Мән-жайды тексеру барысында Орал қаласының 1977 жылы туған тұрғынының бұзақылық ниетпен бірге алкогольдік ішімдік ішкен 1982 жылғы танысының мойын тұсын пышақпен жарақаттағаны анықталды, – делінген хабарламада.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама