×

«Арман қалаға сапар»: Астанаға келген балалар YouTube туралы ақпарат алды

«Altyn Qyran Foundation» қоры 11 жылдан бері ауыл балаларына арналған жобаны іске асырып келеді

 Халық үні 28.08.2023 | 21:24
фото: Halyq Uni

«Арман қалаға сапар» жобасы аясында 30 бала Астанадағы Ailand ойын-сауық орталығында барды. 

Сондай-ақ елордаға келген балалар журналист Ербол Сейілханмен кездесіп, YouTube платформасына қатысты ақпарат алды. Ербол Сейілхан балаларға тіл үйреніп, әлеуметтік желі арқылы әлемді тануға болатынын айтты. Сондай-ақ ол балалардың сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, «Altyn Qyran Foundation» қоры 11 жылдан бері ауыл балаларына арналған «Арман қалаға сапар» жобасын іске асырып келеді. Осы жоба аясында 2023 жылы елордаға Ақтөбе облысының ауылдарынан 30 бала келді. Олардың ішінде Сарыбұлақ, Ақраб, Қаракемер, Жарық және т.б ауыл мектептерінің оқушылары бар. 

Оқушыларға жазғы демалыс ұйымдастыруға бағытталған жоба аясында балалар 3 күн бойы Астананың ең көрікті жерлерін аралайды. «Арман қалаға сапар» жобасы асында он жыл ішінде ауылдың 300-ден астам баласы елордаға келу және аралау мүмкіндігіне ие болды. Олардың арасында республикалық және облыстық олимпиада жеңімпаздары, көпбалалы және толық емес отбасыдан шыққан балалар бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама