×

«Сот арқылы талап ету туралы жазылмаған»: СІМ Bloomberg мақаласын түсіндірді

Қазақстан МАГАТЭ-нің Венадағы бас конференциясының алдағы сессиясына қарар жобасын енгізеді

 Дәурен Ерболат 28.08.2023 | 17:40
Фото: news.un.org

25 тамызда Bloomberg агенттігі Қазақстанның МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) кеңесіне кіргісі келетіні жазылған мақала жариялады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мақалада сот арқылы талап ету айтылмағанын, мұның консенсус қарарды енгізу екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстанның МАГАТЭ-ге қатысты сотқа талап арыз беруге дайындалып жатқаны айтылды. Алайда Смадияров мақаланы орыс тіліне аудару кезінде мәні бұрмаланғанын жеткізді.

Bloomberg ақпарат агенттігіне тоқталайын. Бұл – көптен бері шешілмей жатқан мәселе. Мұның МАГАТЭ-ге мүше жекелеген мемлекеттердің агенттіктің басқару органдарында өкілдік етпеуіне қатысты екенін хабарлаймыз. Қазақстан агенттіктің тарихында алғаш рет МАГАТЭ-нің өңірлік топтарына кірмейтін және іс жүзінде МАГАТЭ-нің басқарушы органдарына сайлану құқығынан айырылған 17 елдің тізімін кодификациялауға қол жеткізді. Бұл тізімге Орталық Азияның барлық елдері, Израиль, Непал, Бахрейн, Камбоджа, Бруней және тағы басқа мемлекеттер кіреді, - деді ол.

Айтуынша, осыған байланысты Қазақстан бұл мәселені шешу жөніндегі қарар жобасын МАГАТЭ-нің Венадағы бас конференциясының алдағы сессиясына енгізуді жоспарлап отыр.

«Bloomberg News ақпарат агенттігі ағылшын тілінде жариялаған мақалада осы туралы айтылған. Алайда мақаланы орыс тіліне аудару кезінде мәні бұрмаланған. Бұл сот арқылы талап ету емес, консенсус қарарды енгізу. Қазақстан мүдделі елдермен және МАГАТЭ хатшылығымен бірлесіп, осы мәселені реттеу және ұйымға қатысушылардың барлығының консенсусына негізделген құқықтық тетікті табу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Біз оның ішінде ядролық бестік тарапынан үлкен қолдауға ие болдық», - деп деді Айбек Смадияров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама